28 Қар 2020
Страницы KZ "Айгөлек" бөбекжайы

Біз туралы

МКҚК «Айгөлек»  бөбекжайы  туралы  мәлімет

Ғимарат түрі:  жалпы үлгідегі  2 қабатты

Пайдалануға берілу мерзімі:  2006 жыл

Жобаның қуаттылығы:  МДҰ  40 орынға есептелінген.

Оқыту тілі: мемлекеттік  тілде 2   топ  тәрбиеленеді

Оқу тәрбие жұмысы:  мемлекеттік тілде

Жас ерекшелігіне қарай 2 топ бар.

2-3жас –(аралас ) кіші,  ортаңғы топ - 1

4жас -   ересек  топ - 1

Бөбекжайдың оқу жұмыс жоспары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы,  ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығы, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы), Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы, ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығы, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы негізінде іске асырылады.

«Айгөлек» бөбекжайы 1 басшы, 1 әдіскер,  4 тәрбиеші және 3 педагог маманмен қамтылған

Онда:

жоғары педагогикалық біліммен – 3

арнаулы орта біліммен – 1 педагог

арнайы мектепке дейінгі жоғары білімі бар  - 0

мектепке дейінігі арнаулы орта - 5

Санаты бойынша:

І біліктілік санаты  бар – 5

ІІ біліктілік санаты  бар  –  1

біліктілік санаты жоқ  -3  педагог

Облыстық білім басқармасының 17 ақпан №127 бұйрығы негізінде біздің бөбекжайымыз «ЭКОБАЛАБАҚША»   жобасы аясында жұмыстанады. «ЭКОБАЛАБАҚША»  жобасы бағытында жүргізіліп жатырған  көптеген жұмыстарымыз балаларды қоршаған  табиғаттың алуан түрлілігі туралы  түсініктерін  жүйелі қалыптастырып, танымдық  қызығушылығын дамытып, баланың туған елін,жерін сүюге үйретіп, туған өлкенің табиғатын  қорғайтын азаматтары болып өсуіне ықпал етеді.

Осыған орай педагог –тәрбиешілер өз ҰОҚ, шебер сынып пен зертеу жұмыстарымен бөлісіп отырады.

Қысқы уақыт арасында бөбекжай тәрбиешілері ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, «Шебер болар ұрпақпыз» тақырыбында ата-аналармен табиғи және табиғи емес материалдардан ,қалдық заттардан жасаған жұмыстарын көрме ұйымдастырды.

 

Демесинова Акбобек Муратовна,1974 жылы 5 сәуірде  дүниеге келді.Туған жері –қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Есенсай ауылы.

1981  жылы Есенсай орта мектебінің  табалдырығын аттап , 1991 жылы С.Сейфуллина атындағы № 11 қазақ орта мектебін бітірді.

1991-1995 ж  білімімді шыңдау жолында А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының  «Ағылшын тілі » мамандығы .

2012-2014 жыл аралығында  Орал гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша тәмәмдап, диплом алды .

1995-1998 жылдары Шипов орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі мұғалімі қызметін атқарды.Осы қызметімді атқара жүріп  қоғамдық жұмыстар барысында ұйымдастырушылық,көшбасшылық қабілеттері шыңдалып,1998 -2006 жылдары Белугин негізгі мектебінің директоры қызметін атқарды.

   2006 жылы 2қазан айынан бастап «Айгөлек» бөбекжайының меңгерушісі қызметіне ауысып, қазіргі таңда ұйымшыл ұжымның басшысы.

2003 жылдан бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мүшелігіне өтті.

Тұрмыста, жолдасы екеуі бір ұл тәрбиелеп немере  сүйген ата-әже.Мерей ауылдық  округінде тұрады.

Білім саласындағы жетістіктерім үшін  аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2019 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

 

 

 

Жаңалықтар